«Эмеральд» пішінді қырланған, салмағы 0.67 ct Замбия зүбаржаты. Айналасы жалпы салмағы 0.15 ctw дөңгелек пішінді қырланған түссіз гауһар тастармен көмкерілген.
Бұл тас үшін біз Au585 сынамалы ақ алтыннан жүзік жасадық.
Барлық тастар тек табиғи текті. Әрбір тас қолмен іріктеліп алынады және GIA GG, ММУ (М.В. Ломоносов атындағы ММУ ГМ-СЦ №22109) штаттық сарапшыларының геммологиялық сараптамасынан өтеді.