«Гексагон» пішінді 1.64 ct қара гауһар

7719
Бірегей қара гауһар өзінің бұл түсін графит қосындыларының көп мөлшерде болуы арқылы иемденеді және басқа қара тастарға қарағанда, ол жарықты жұтпай, оны қырларынан шағылыстырады.
Планетадағы ең қатты минерал, салмағы 1.64 ct гексагон (алтыбұрыш) пішінді қырлануда және жалпы салмағы 0.06 ctw болатын екі дөңгелек пішінді түссіз гауһар таспен үйлесім тапқан.
Осы тастар үшін біз Au585 сынамалы ақ алтыннан жүзік жасадық.

Барлық тастар тек табиғи текті.
Әрбір тас қолмен іріктеліп алынады және GIA GG, ММУ (М.В. Ломоносов атындағы ММУ ГМ-СЦ №22109) штаттық сарапшыларының геммологиялық сараптамасынан өтеді.

Дайындау мерзімі — 10 жұмыс күні.


БIЗБЕН БАЙЛАНЫСУ