«Пентагон» пішінді 1.27ct Salt&Pepper гауһары

8038
«Salt&Pepper» гауһары — саусағыңыздағы тұтас бір ғалам!
Оның ішкі қосындыларының картасына көз жүгірту ғарышқа ұшумен тең.
Пентагон (бесбұрыш) пішінді қырлануында ол ерекше таңғажайып көрінеді.
Гауһар тастың салмағы — 1.27 ct.

Осы бірегей гауһар тас үшін біз Au585 сары алтыннан жүзік жасадық және оны дөңгелек пішінді қырланудағы, жалпы салмағы 0.04 ctw болатын екі гауһар таспен жарқырата түстік.

Барлық тастар тек табиғи текті.
Әрбір тас қолмен іріктеліп алынады және GIA GG, ММУ (М.В. Ломоносов атындағы ММУ ГМ-СЦ №22109) штаттық сарапшыларының геммологиялық сараптамасынан өтеді.

Дайындау мерзімі — 10 жұмыс күні.


БIЗБЕН БАЙЛАНЫСУ