Жүзік Au750 сынамалы ақ алтыннан жасалған. Қолданудың екі нұсқасы бар: жүзік және алқа ретінде. Жалпы салмағы 6.24 ctw болатын, «гексагон» (алтыбұрыш) үлгісінде қырланған 20 түссіз гауһар тас. Түсі: F, Тазалығы: Vs, Қырлануы: Very good. Жалпы салмағы 2.96 ctw болатын, «дөңгелек» үлгісінде қырланған қара гауһар тастар (40 дана) және «пентагон» (бесбұрыш) үлгісінде қырланған қара гауһар тастар (11 дана).
Барлық тастар тек табиғи текті. Әрбір тас іріктеліп алынған және GIA GG, ММУ (М.В. Ломоносов атындағы ММУ ГМ-СЦ №22109) штаттық сарапшыларының геммологиялық сараптамасынан өткен.