ИНДИВИДУАЛЬНЫЕ ЗАКАЗЫ
ЖЕКЕ ТАПСЫРЫСТАР
Вот уже 20 лет наша компания под руководством Тен Андрея воплощает в жизнь самые смелые ювелирные идеи наших клиентов! Вам не обязательно ограничиваться ассортиментом магазина — мы с удовольствием подберем для вас идеальный драгоценный камень, согласуем эскиз будущего изделия и с большим вниманием и мастерством создадим уникальные украшения.
Благодаря нашему многолетнему опыту, экспертизе в области геммологии (науки о драгоценных камнях) и полному циклу производства, мы гарантируем, что все будет выполнено на высшем уровне.
20 жыл бойы біздің компания Тен Андрейдің басшылығымен клиенттеріміздің ең батыл зергерлік идеяларын өмірге әкеліп келеді! Сізге дүкендегі ассортиментпен шектелудің қажеті жоқ — біз сіз үшін мінсіз асыл тасты таңдап, болашақ әшекейдің эскизін келісіп, ұқыптылық пен шеберлікпен бірегей зергерлік бұйымдарды жасап береміз.
Көпжылдық тәжірибемізге, геммология (асыл тастар туралы ғылым) саласындағы білімімізге және толық өндірістік циклімізге сүйене отырып, біз әрбір жұмыстың ең жоғары деңгейде орындалатынына кепілдік береміз.
ЖЕКЕ ТАПСЫРЫС БОЙЫНША ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМДАР ЖАСАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЖАРИЯ ОФЕРТА ШАРТЫ
Алматы қ.
Осы құжат 06.11.2023 ж. берілген № KZ55TWQ03470686 талонның негізінде әрекет ететін «OBRUCHALKA KZ» БСН 780803302181 (бұдан әрі – «Орындаушы») жеке кәсіпкерінің Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 387-бабына сәйкес тұлғалардың шектеусіз санына арналған жария офертасы (бұдан әрі – «Шарт») болып табылады.
Осы Шарттың талаптарын акцептеу (қабылдау) тұлғаның (бұдан әрі – «Тапсырыс беруші») осы құжатта көрсетілген шарттармен келісімін білдіреді.
Осы Шарттың талаптарын акцептеу тапсырысты рәсімдеу және авансты төлеу арқылы жүзеге асырылады, осы сәттен бастап Шарт жасалды деп есептеледі.
1. ШАРТТЫҢ МӘНІ 1.1. Орындаушы Тапсырыс берушінің жеке тапсырысы бойынша бұдан әрі «Бұйым» деп аталатын асыл металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымды келісілген эскизге және қосымшада жеке нөмірмен көрсетілген сипаттамаға сәйкес дайындауға, ал Тапсырыс беруші Бұйымды қабылдауға және төлеуге міндеттенеді.
1.2. Бұйымды дайындау бекітілген дизайнға, сипаттамаларға, таңдалған материалдарға және өлшемдерге сәйкес барлық жұмыстарды орындауды қамтиды.
2. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІОрындаушы міндеттенеді:
2.1. Бұйымды бекітілген спецификацияға сәйкес, жоғары сапада және уақытында дайындауды міндеттенеді.
2.2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Орындаушы Бұйымды Сынама инспекциясы (палатасы??) берген жеке таңбамен таңбалауға және мемлекеттік сынамалық таңбамен сәйкестігін растауға міндеттенеді.
2.3. Қажет болған жағдайда Тапсырыс берушіге алдын ала киіп көру мүмкіндігін беруге міндеттенеді.
Тапсырыс беруші міндеттенеді:
2.4. Осы шарттың талаптарына сәйкес Орындаушының қызметтерін уақтылы төлеуге міндеттенеді.
2.5. Бұйымды қабылдау кезінде Тапсырыс беруші оның бекітілген дизайнға және сапаға сәйкестігін тексереді.
2.6. Мұндай жағдай қарастырылған жағдайда, параметрлерді растау үшін шақтап көруге уақытылы келуге міндеттенеді.
2.7. Нақыштама тапсырыстың берілу мерзімінен 3 күн бұрын мақұлдануы керек. Егер нақыштама тапсырыстың берілу мерзімінен 5 күннен аз уақытта мақұлданса, тапсырыстың берілу мерзімі 2-4 күнге ұзартылуы мүмкін. Тапсырыстың берілу мерзімі Тапсырыс берушінің кінәсінен ұзартылған жағдайда, Орындаушы бұрын корсетілген мерзімдерді бұзғаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
2.8. Аванстық төлемнен кейін тапсырыстан бас тартылған жағдайда Орындаушы келтірілген шығындар сомасын ұстап қалуға құқылы.
3. САПА КЕПІЛДІГІ ЖӘНЕ ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ 3.1. Мерзімсіз қызмет көрсету - тазалау, жылтырату, родиймен жалату, тастарды орнату (болған жағдайда). Егер бұйым дұрыс ұстамау нәтижесінде пайда болған ойықтар, жарықтар, деформациялар, сыртқы факторлардың әсері немесе өнімнің функционалдық сипаттамаларын немесе сыртқы түрін нашарлатуы мүмкін басқа зақымдар сияқты
елеулі механикалық зақым алса, қызмет көрсетілмейді. Орындаушы өнімді дұрыс пайдаланбау салдарынан келтірілген залал үшін, сондай-ақ өндірістік ақауларға байланысты емес сыртқы әсерлер нәтижесінде келтірілген залал үшін жауап бермейді.
3.2. Бұйымның өлшемін өзгерту, 2.6-тармақтың талаптары сақталған жағдайда, сапа кепілдігінің аясында сатып алынған күннен бастап
1 (бір) жыл ішінде мүмкін болады.
Алайда, кейбір бұйым үлгілерінде өлшемді өзгерту техникалық тұрғыдан мүмкін болмауы ықтимал (мысалы, белгілі бір конструкциялық ерекшеліктердің, қондырмалардың, өрнектердің және т.б. болуына байланысты).
Мұндай жағдайларда Тапсырыс берушіге тапсырыс рәсімдеу кезінде менеджер алдын ала хабарлайды. Өлшемді өзгерту мүмкін еместігі туралы ақпарат
Сапа сертификатында және
Тапсырыс берушінің жекекартасында да көрсетіледі.
3.3.
Егер Бұйым Қосымшада келісілген дизайнға, сипаттамаларға немесе сапаға сәйкес келмесе
Орындаушы Бұйымды Тапсырыс берушіге тапсырған күннен бастап
1 (бір) айдың ішінде кез келген өндірістік ақауларды немесе сәйкессіздіктерді жоюға міндеттенеді, бұл сәйкессіздіктер Тапсырыс берушімен расталған жағдайда.
3.4. Кепілдік дұрыс пайдаланбау, механикалық зақымдану және химиялық заттардың әсерінен туындаған ақауларды қамтымайды, мұндай ақаулар тәуелсіз сараптама негізінде анықталады.
3.5. Бұйымға сервистік қызмет көрсету алдын ала келісусіз жүзеге асырылады, жеткізуге байланысты барлық шығындарды Тапсырыс беруші төлейді.
3.6. Тапсырыс беруші бұйымды кешіктіріп алғаны үшін жауапты.
4. БАҒА ЖӘНЕ ТӨЛЕУ ТӘРТІБІ 4.1. Бұйымды жасап шағарудың жалпы бағасы, оған материалдар мен жұмыс құны кіреді, әрбір тапсырысқа арналған жеке нөмірі бар Қосымшада көрсетіледі. Қосымшаға екі тарап қол қояды және ол осы шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
4.2. Бұйым үшін төлем Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгемен жүзеге асырылады.
- Бұйым үшін төлем осы Шарт жасалған күні толық көлемде жүзеге асырылуы мүмкін;
- Екі кезеңмен төлеу: Шартқа қол қойылған күні құнының 50% мөлшерінде алдын ала төлем, ал қалған сома Бұйымды алған кезде төленеді.
4.3. Төлем қолма-қол ақшамен немесе Орындаушының банктік шотына банктік аударым арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
5. ОРЫНДАУШЫНЫҢ БҰЙЫМНЫҢ СУРЕТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ ҚҰҚЫҒЫ5.1. Орындаушы дайын өнімнің фотосуреттерін жарнамалық, маркетингтік және басқа да мақсаттарда, соның ішінде әлеуметтік желілерде, өзінің веб-сайтында, жарнамалық материалдарда және басқа да ақпарат көздерінде орналастыру үшін пайдалануға құқылы, ал Тапсырыс беруші өз бұйымының суреттерін осындай мақсаттарда пайдалануға келіседі. (в рус версии – «использовать изделие», а не «использовать фото изделия»)
5.2. Осы ретте Тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз мүдделеріне қайшы келетін жағдайда Орындаушыдан Бұйымды жарияламауды талап етуге құқылы. Ол үшін тапсырыс ресімдеу кезінде бұл туралы менеджерге хабарлап, осы фактіні Қосымшада бекіту қажет.
6. АРНАЙЫ ШАРТТАР6.1. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңның 14-бабына сәйкес тапсырыс бойынша жасалған өнім қайтарылуға жататын тауарлар тізбесінен шығарылғандықтан, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тапсырыс бойынша жасалған өнімді қайтаруға немесе айырбастауға болмайды.
6.2 Дүкенде сатып алынған дайын зергерлік бұйымды қайтару «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңына сәйкес түпнұсқа пломбасы бұзылмаған, бұйым өзінің бастапқы күйінде, жиынтығы сақталған және сатып алынған күннен бастап 14 күн өтпеген жағдайда мүмкін болады.
6.3. Жеке деректерді өңдеуге келісім беру
- Тапсырыс беруші осы шартты жасаса отырып, шарт талаптарын орындау үшін қажетті өзінің жеке деректерін өңдеуге келісімін білдіреді. Оның ішінде Орындаушының ақпараттық жүйелерінде жеке деректерді жинау, сақтау, пайдалану, беру және басқа әрекеттерді жасауға келісімін білдіреді.
- Жеке деректер келесі ақпаратты қамтып, бірақ олармен шектелмейді: тегі, аты, әкесінің аты, байланыс ақпараты (телефон, электрондық пошта мекенжайы), төлқұжат деректері, тапсырыстар мен төлемдер туралы мәліметтер, сондай-ақ шарт бойынша міндеттемелерді тиісінше орындау үшін қажетті басқа да ақпарат.
- Тапсырыс беруші оған жеке деректерді өңдеудің мақсаттары мен тәртібі, сондай-ақ оның Қазақстан Республикасының жеке деректерді қорғау саласындағы заңнамасында көзделген құқықтары түсіндірілгенін растайды.
7. ФОРС-МАЖОР7.1. Алдын ала болжауға болмайтын форс-мажорлық жағдайлар туындаған кезде Тараптар осы Шарт бойынша міндеттемелерді ішінара немесе толық орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады. Мұндай жайларға: табиғи апаттар, соғыстар, ереуілдер, мемлекеттік органдардың актілері, індеттер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осындай деп танылған өзге де жағдайлар жатады.
Форс-мажорлық жағдайға ұшыраған Тарап екінші Тарапты форс-мажорлық жағдайлар туындаған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.
8. БАСҚА ШАРТТАР 8.1. Осы келісімшарт көпшілік офертасы болып табылады және электронды түрде қолжетімді. Шарт әрбір Тапсырыс беруші үшін оның талаптарын қабылдаған сәттен бастап күшіне енеді, ол тапсырыс беру және аванс төлеу арқылы жүзеге асырылады.
8.2. Келісімге жасалған барлық өзгерістер мен толықтырулар жазбаша түрде рәсімделіп, тараптармен келісілген болуы тиіс.
8.3. Тараптар арасында туындауы мүмкін барлық даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер арқылы шешіледі. Оларды реттеу мүмкін болмаған жағдайда даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Орындаушының орналасқан жері бойынша сот тәртібімен шешіледі.
8.4. Осы Шартта көрсетілмеген басқа аспектілерде Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.
9. ОРЫНДАУШЫНЫҢ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ Компания: ИП "OBRUCHALKA KZ"Адрес: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Толе би көш. 23/35ЖСН: 780803302181Банк: АО "Kaspi Bank"КБе: 19БСК: CASPKZKAШот нөмірі: KZ22722S000007749552