НАШИ ГАРАНТИЙНЫЕ ОБЯЗАТЕЛЬСТВА
  • Сипаттамаларға сәйкестігіне өмірлік кепілдік

    Егер сақинаңыз алтын немесе бриллиант емес деп айтса, сіз әрқашан келіп, кінәрат-талап қоя аласыз.
    Бізді табуға Қазақстан Республикасының Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы әрдайым көмектеседі, біз осы ведомствода 20 жылдан астам уақыт тіркелгенбіз.
    Ол мекеме сақинаға қойылған жеке нөмір бойынша сізге оның қай жылы жасалғанын, қандай компания жасағанын және қазіргі кезде қайда екенін әрқашан хабарлайды.
  • Қанағаттану кепілдігі
    Сапа немесе бекітілген дизайнға сәйкес келмеу туралы шағымдарыңыз болса, біз тапсырысты толығымен қайта жасаймыз.
  • Ыңғайлылық кепілдігі
    Сатып алғаннан кейін сақина өлшемі шынымен ыңғайлы екеніне көз жеткізу үшін сізде бір жыл болады.
    Бір нәрсені өзгерткіңіз келсе, өлшемін тегін өзгертеміз.
    Кепілдік ұсыныс сақиналарын және классикалық неке сақиналарын қамтиды.
    Маңызды: кейбір үлгіліер үшін өлшемді өзгерту техникалық тұрғыдан мүмкін емес. Менеджер бұл туралы ескертеді, ол сертификатта және сіздің жеке картаңызда көрсетіледі.
  • Өмірлік қызмет көрсету
    Сақиналардың әр жыл сайын тазалап, жылтыратамыз, Rh – родиеммен жалатамыз, тексереміз және тастарын бекітеміз.
  • Қазақстан Республикасының Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығының сараптамасы әрбір өнімнің сапасын растайды

    Мемлекеттік үлгідегі сынама
    Біздің әрбір бұйымымыз міндетті түрде сараптамадан өтеді. Қазақстан Республикасында бекітілген стандарттарға сәйкестігі расталғаннан кейін ғана оған Қазақстан Республикасының Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы, Алматы қаласы бойынша Сынама Палатасының филиалының мемлекеттік үлгідегі сынамасықойылады.
  • Сертификат
    Бұйымға барлық мәлімделген сипаттамалары көрсетілген жеке өнім нөмірі бар төлқұжат беріледі, бұл өнімнің түпнұсқалығын растайтын құжат. Сонымен қатар, 0,2ct-тен асатын бриллианттарға (келісім бойынша) халықаралық геммологиялық институттардың бірі – GIA/HRD/IGI сертификаты беріледі. Түрлі түсті асыл тастар үшін кейбір жағдайларда қосымша сертификат беріледі.